Лимонды қалай ұзақ уақыт сақтауға болады? Назарларыңызға мамандар кеңесін ұсынамыз.
- Лимонды ұзақ уақыт сақтау үшін оны шыны ыдысқа салып, салқын су құйып, тоңазытқышқа қою керек. Суын күн сайын ауыстырып тұрған жөн.
- Лимонды құрғақ жерде де сақтауға болады.Бірақ олар бір-біріне жанаспай тұру керек. Осылай 6 күн сақтап, қабығы құрғай бастағанда, шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қою қажет.
- Көпшілік оны ұнға салып та сақтайды.
- Кесілген, бірақ қолданылмаған лимонды сақтау үшін оған көпіршітілген ақуыз жағып, кептіріп, тоңазытқышқа салу керек.
- Лимонды қолданар алдында қайнаған сумен шаю қажет. Сонда хош иісті болады.
- Кепкен лимонды қолдану үшін салқын суға салып, күніне 1-2 рет суын ауыстыру керек.
- Лимоннан шырын көп шығуы үшін 5 минут ыстық суға салып қойған жөн.
Интернет материалдары бойынша әзірленді
ФОТО: zhambylnews.kz