23 қараша күні еліміздің көптеген бөліктерінде фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ел өңірлерінің кей жерлерінде көбінесе қар жауып, бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейді. Тек оңтүстікте және батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.
Қостанай облысының кей аудандарында жел 17-22 м/с күшейіп, бұрқасын және көктайғақ болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады.