Міржақып Дулатовтың 130 жылдығына арналып, жас прозашылар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міржақып Дулатовтың 130 жылдығына арналып, жас прозашылар байқауы өтті

23.11.2015
Міржақып Дулатовтың 130 жылдығына арналып, жас прозашылар  байқауы өтті

Байқауға 15-25 жас аралығындағы орта мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мұғалімдер қатарынан барлығы 22 үміткер қатысты.


Байқаудың мақсаты - қазақ халқының ұлы тұлғаларының еңбектерін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық болмыс, ұлттық рух, адамзаттық гуманизм мәселелері төңірегіндегі өрнекті сөз бен парасатты ойды темірқазық еткен шығармаларды насихаттау.


Байқауға қатысушылар және жеңімпаздар диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз мәслихаты.

Хабарламаларға жазылу