Брюссельде қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

23.11.2015
Брюссельде  қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Брюссель комуннасы Моленбекте автобус жүргізушілерінің жартысынан астамы рейске шықпай қалды, деп хабарлады RTL телерадиокомпаниясы. 

Парижде 13- қараша күні бірнеше мәрте болған терактілерден соң Бельгияда оқиғаның себепкерлерін іздестурмен байланысты арнайы операция жүріп жатыр.

«Жүргізушілер үрейленіп отыр, 70 жүргізушінің тек 10-15-і ғана жұмысқа шыққан»,-деп хабарлайды автобус паркі қызметкерінің сөзіне сілтеме жасаған БАҚ өкілдері.

Өміріне қауіп төнуі мүмкін деген қорқыныштың салдарынан Брюссельді оның аймақтарымен байланыстырып тұратын автобус жүргізушілері де жұмысқа шығудан бас тартқан. 

Осының алдында іздестіру жұмыстары кезінде Бельгияда 16 адам тұтқындалды. Алайда, Парижде 13-қараша күні болған терактіні ұйымдастыруы мүмкін деген басты күдікті – Салах Абдесламды ұстау мүмкін болмай отыр. 

Осыған дейін, теракті орын алуы мүмкін деген қауіппен Брюссельде метроның жабылып қалғандығы айтылған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу