Ғалымдар: Шу - тағамды сүйсініп жеуге кедергі келтіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Шу - тағамды сүйсініп жеуге кедергі келтіреді

25.11.2015
Ғалымдар: Шу - тағамды сүйсініп жеуге кедергі келтіреді

Ғалымдар тыныштықта тамақтануға кеңес береді. Олардың айтуынша, сонда ғана тағамның дәмін сезуге болады. 

Ағзалардың  байланысын сезу

Дәм мен иіс сезудің – өзара байланысы болады. Тамақтану кезінде жағымсыз иіс  шықса, тәбеттің қашатыны сондықтан.

Зерттеу

Корнель университетінің психологтары қызықты тәжірибе жасаған. Зерттеуге қатысушылар тағамдардың дәмін татып, оларға баға беруі тиіс болған.

Қатысушылардың бір бөлігі тағамды үйреншікті, ал енді бір бөлігі шулы орында тұтынған. Шулы орында тамақтанғандар тұзды, ащы және қышқыл тағамдардың дәмін сезгенін, алайда тәттінің дәмін сезе алмағандарын айтқан.

Түсініктеме

Мұны ғалымдар былай түсіндіреді: дәм сезу рецепторларынан болатын бет жүйкесінің таралу жолдары құлақ арқылы өтеді. Ал, дабыл жарғағы арқылы өтетін дыбыстар дәм сезу анализаторларына кері әсер береді.

Осылайша,  шу дәм ажырататын қабілетке әсер етеді. Ұшақ бортында берілген асты жолаушылар сүйсініп жей алмайтыны да сондықтан.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

Хабарламаларға жазылу