ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның үш облысында жолдардың жабылғаны жөнінде хабарлады.
Осылайша, Ақмола облысында бүгін, 25 қарашада, ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты «Көкшетау-Петропавл» (304-341 км), «Көкшетау-Рузаевка» (0-61 км), «Көкшетау-Омбы» (2-50 км), «Көкшетау-Щучинск» (247-293 км), «Көкшетау-Атбасар» (0-184км) жолдарындағы учаскелер көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Ақтөбе облысында көктайғақ салдарынан «Ақтөбе-Орск» (39-135 км) жолы көліктердің барлық түрі үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты көліктердің барлық түрі үшін барлық бағыттар бойынша жол жүруіне уақытша шектеу қойылды.