Олар үшін түсетін пайданың аз немесе көп болуы - маңызды емес.
Психологтардың айтуынша, үйде отырған әйелдерге өз кәсібін ашуға екі түрлі жағдай әсер етеді. Алғашқысы - отбасындағы материалдық қиындықтар. Екіншісі - өзінің қоғамдық ортада шеттеп қалмағанын сезіну.
Аналардың бос уақыты шектеулі болса да, ретін тауып, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып жүргендері аз емес.
Мәселен, үйде отырып-ақ, шығармашылықпен, қолөнер бұйымдарын жасаумен, сәулет жобаларының дизайнын сызумен, аударма және редакциялау жұмыстарымен айналысуға болады. Сонымен қатар, бағдарламалау, есеп-қисап, телефон арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі тағы бар.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.