Биылғы жылы Маңғыстау өңірінде 25 мың турист болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы жылы Маңғыстау өңірінде 25 мың турист болған

25.11.2015
Биылғы жылы Маңғыстау өңірінде 25 мың турист болған

Оның сөзінше, Маңғыстау өңіріне саяхатқа шыққандардың басым бөлігін Жапония, Австрия, Голландия, Латвия, Ресей, Испания және Германия мемлекеттерінің азаматтары құрап отыр.

«Бұл 2014 жылғы көртескішпен салыстырғанда, 87,1 пайызға көп. Сонымен қатар, ішкі туризм, яғни Қазақстан азаматтарының Маңғыстауға саяхаттауы 7,9 пайызға артты. Ішкі туризм көрсеткіштерінің артуы көлік логистикасын жетілдіру, мейманханалық инфрақұрылымды дамыту мен демалыс базаларының жаңғыртылуымен және қайта құрылуымен байланысты. Сонымен қатар, қазір аймақта белсенді демалысты қолдаушылар дайвинг, сафари, парапланеризм сияқты бағыттарда пайдалана алады»,-деді Гүлжан Байжауынова.   

Оның сөзінше, Маңғыстау өңірінің азаматтары туристердің қызығушылығына орай табиғат көріністері мен көптеген тарихи-мәдени және этникалық мұралармен қатар, мейманханалық бизнесті де дамытуда. Мысалы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 100 адамға арналған мейманхананың құрылысы басталды, ал, Шетпе ауылында 3,4 адамнан тұратын отбасына арналған қонақ үй жұмыс істеуде. Бейнеу ауданында осы уақытта жұмыс істеп тұрған «Арна» мейманханасының сыйымдылығы артқан, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу