Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор (ВИДЕО)

26.11.2015
Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор (ВИДЕО)

Қазақтың ұлттық киімдері бүгінде тек сахнада ғана қолданылады. Күнделікті киіп жүретін орта қалыптаспаған. Дегенмен, отандық дизайнерлер заман талабына сай, сәнді, ұлттық нақыштағы киімдердің үлгісін жасаудан аянып жатқан жоқ.

Солардың бірі - киізден күнделікті тұрмысқа қолайлы киім тігетін «Асыл мұра» шеберханасы. Мұнда бас киім, қамзол, көйлек, пальто сияқты киім түрлері мен белдемше, сөмке сынды бұйымдарға тапсырыс көп.

Табиғи жүннен жасалғандықтан, олардың денсаулыққа да пайдасы зор.

 «Киіз біріншіден өте жеңіл. Температураны бірқалыпты ұстайды. Екіншіден, жуған сайын жаңарады. Сондықтан, бірнеше жыл киюге болады», дейді дизайнер Эльвира Нұрланқызы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу