Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездеседі

26.11.2015
Аслан Сәрінжіпов Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарымен кездеседі

Кездесу арнайы Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекелері аясында ұйымдастырылып отыр.  

Министрмен сұхбаттасуға 50-ге жуық оқушы қатысады. Олар 2015 жылдың 30-қазан мен 26-қарашасы аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері. Олимпиаданың негізгі идеясы – жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу және олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын терең меңгерулеріне ықпал ету.  

Олимпиада сегізінші рет өткізіліп отыр. Әдеттегідей, 2015 жылғы олимпиада үш кезеңде өткізілді. Бірінші – аймақтық кезеңде 1024 мектептен барлығы 2040 мектеп бітіруші қатысты. (517-і мамандандырылған, 536-і ауылдық мектептерден). Екінші кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 329 оқушы on-line режімінде тестілеуге және жоғары ұпай жинаған 165 оқушы эссе жазды. Үшінші кезең – республикалық, ол 2 тур бойынша 4 бағытта: математика, химия, физика и биологиядан өткізілді.

Жыл сайын зияткерлік республикалық жарыстарға 9-11 сыныптардың  2000-нан астам оқушылары қатысады. Бүгінде қазақстандық оқушылардың аттарын беделді халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатарынан жиі көруге болады. Биылғы жылы, 1 қарашаға, біздің оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1246 медальді жеңіп алды, оның 270-і –алтын,  360-і -күміс, 596-і қола, сондай-ақ  20 мақтау қағазы бар, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің

Хабарламаларға жазылу