Luxurylaunches басылымының хабарлауынша, City Steamer MM bag
үлгісінің бағасы 55 мың доллар тұрады. Бұған дейін Dora PM коллекциясының сөмкелері қымбат болып есептелетін. Олардың біреуінің құны 50 мың доллар болатын.
Сөмке алигатор терісінен тігілген және алтын жалатылған түйреуіштермен әрленген, ал оның ішкі тұсы бұзаудың терісінен тігілген. Салыстырмалы алғанда, әдеттегі теріден тігілген тап осындай үлгінің ең қымбаты 3 мың доллардан асады.
Louis Vuitton компаниясының негізін 1854 жылы Францияда сандықтар мен қол сөмкелерін тігуші шебер Луи Виттон қалаған. Компания осы кезде ерлер мен әйелдерге арналған түрлі сәндік заттар, киімдер мен әшекейлік бұйымдар шығарумен айналысады.
Аалмыш компания LVMH холдингінің бөлігі саналады. 2013 жылдан бері креативті директор Louis Vuittonның қызметін Николя Гескьер атқарады.