Жапонияда бензин бағасы мұнайдың арзандауына байланысты 20 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда бензин бағасы мұнайдың арзандауына байланысты 20 пайызға төмендеді

27.11.2015
Жапонияда бензин бағасы мұнайдың арзандауына байланысты 20 пайызға төмендеді

Жапонияда бензин бағасы өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 19,2 пайызға төмендеді. Жағдайдың бұлайша қалыптасуына импортталатын мұнай бағасының арзандауы себеп болып отыр.

Бұл туралы Жапония Орталық банкі мәлім етті, деп жазады ТАСС агенттігі.

Мұнай бағасының төмендеуі қазан айында электр энергиясын қоса алғанда жалпы энергияға төленетін төлемдердің 11,8 пайызға арзандауына ықпал етті. Әсіресе, кросинге деген баға ерекше түсті. Қыста жапондықтар керосинді жылыту құралдары үшін көп пайдаланады, шамамен 27,4 пайыз. 

Энергияға деген бағаның құлдырауы елде жалпы бағалардың өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеуіне ықпал етті. Бұл Жапония Үкіметі мен Орталық банкі үшін қуанышты жаңалық емес. Өйткені, олар елдің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызын құрайтын ішкі сұранысты белсендендіріп, іскерлік коньюнктураны жетілдіру мақсатында басқаруға көнетін инфляцияны пайдаланып қалмақ ниетте еді. 

Токио енді елдегі бағалардың 2 пайызға өсуін қамтамасыз етуге ұмтылып отыр. Бұл міндет 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басына қалдырылды. 

Хабарламаларға жазылу