Аргентинаның құқық қорғау органдары тергеу мәліметтері бойынша қара базардағы саудаға салынбақ болған 4 тонна метеорит бөлшектерін тәркіледі. Бұл туралы бүгін La Voz del Interior газетінің электронды үлгісі жариялады.
Аталмыш басылым мәліметтері бойынша, метеориттер елдің солтүстігіндегі Сантьяго-дельЭстеро провинциясының сыртындағы үйлердің бірінің ауласынан табылды. Осы аймақтағы жер телімінің иесі Аргентинаның «мәдени мұрасын заңсыз иеленді», деп айыпталып отыр.
Алдын ала болжамдар бойынша метеориттер осыдан 4 мың жыл бұрын метеорит жаңбыры жауған Кампо-дель-Сьело аймағынан табылған. Ғалымдардың пікірінше, өңірде аспан денелері осы күнге дейін жер астында көміліп жатыр.