Кездесу және олимпиаданың өзі де Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында өткізіліп отыр.
Министрмен сұхбаттасуға 50-ге жуық оқушы қатысты. Олар 2015 жылдың 30 қазан мен 26 қараша аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері.
Олимпиаданың негізгі идеясы – жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу және жаратылыстану-математика ғылымдарын терең меңгерту.
Олимпиада сегізінші рет өткізіліп отыр. Әдеттегідей, 2015 жылғы олимпиада үш кезеңде өтті.
Бірінші – аймақтық кезеңде 1 мың 24 мектептен барлығы 2 мың 40 мектеп бітіруші қатысты. (517-і мамандандырылған, 536-і ауылдық мектептерден). Екінші кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 329 оқушы on-line режимінде тестілеуге қатысып, жоғары ұпай жинаған 165 оқушы эссе жазды.
Үшінші кезең – республикалық, ол 2 тур бойынша 4 бағытта: математика, химия, физика и биологиядан өтті.
«Жыл сайын зияткерлік республикалық жарыстарға 9-11 сыныптардың 2000-нан астам оқушылары қатысады. Бүгінде қазақстандық оқушылардың аттарын беделді халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатарынан жиі көруге болады»,-делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.
Биылғы жылдың, 1 қарашасында, еліміздің оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1 мың 246 медальді жеңіп алды. Оның 270-і –алтын, 360-і -күміс, 596-і қола, сондай-ақ 20 грамота бар.