Жеке өмірге қатысты қандай ақпаратты құпия ұстау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке өмірге қатысты қандай ақпаратты құпия ұстау керек?

28.11.2015
Жеке өмірге қатысты қандай ақпаратты құпия ұстау керек?

Мамандар жеке өмірге қатысты кейбір ақпаратты құпия сақтау қажет екенін айтады.  Олар қандай ақпаратты құпия ұстауға кеңес береді?

Жоспар

Кейбір адамдар алдағы жоспарын айналасындағыларға жайып салады. Негізінде, ой жүзеге аспайынша, болашақтағы жоспар туралы ешкімге тыс жармау керек. Мамандардың айтуынша, идея мен арман кемшіліксіз болмайды. Осал тұсы да – осы.

Адам  алдағы жоспары туралы орындалғандай әсермен  әңгімелейді. Осы себепті мақсатын орындауға деген құштарлығы басылады.

Қайырымдылық пен ерлік

Қайырымдылық жасау – өте жақсы, тек шын ниетпен жасағанда ғана.

Қайырымдылық туралы ешкіге айтпаған жөн. Әйтпесе мақтанудың себебі сияқты көрінеді. 

Әр адам түрлі  қиындыққа тап болады, бірақ бұл да  талқыланбауы керек.

Рухани білім туралы да айналадағыларға айтпаған жөн, себебі адамдардың рухани байлық туралы түсінігі әртүрлі болады.

Физиология және жеке өмір

Адамдарға рацион ерекшелігі, емделу жолдары сияқты әңгімелер айтпаған дұрыс. Бұл әдептілікке жатпайды. Себебі мұндай әңгімеден ешкім әсер алмайды.

Сондай-ақ, елдің көзінше отбасылық мәселелер мен ұрыс-керістерді талқыламау қажет.  Жұптардың арасындағы ерекшеліктерді айналасындағылар қаншалықты аз білсе, екеуінің арасы соншалықты жақын болады.

Ұрыс-керіс – қарым-қатынаста қалыптасқан құбылыс. Бұл - негативті энергиядан арылудың  бір жолы. 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

ФОТО: invest-projects.com

Хабарламаларға жазылу