Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды

30.11.2015
Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды

Грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Алмат Кебіспаев Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен грек-рим күресінен «Алтын Гран-При» турнирінде чемпион атанды. Ол финалда Әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық палуан Елмұрат Тасмұратовты ұтып, чемпион атанды.

Ал, 130 келіге дейінгі салмақтағы палуанымыз Нұрмұхамбет Тінәлиев жергілікті спортшы Сабах Сарьятиден 3:7 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Хабарламаларға жазылу