Ол УЕФА-ның футзал және жағажай футболы бойынша комитетінің құрамына кірді. Бұған дейін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев УЕФА-ның маркетинг бойынша комитетіне алдағы төрт жылға мүше болған еді.
Еске сала кетейік, ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов УЕФА-ның ұлттық қауымдастықтар комитетінің мүшесі саналады. Ал, ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин УЕФА HatTrick комитетінің өкілі.