«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы туралы жолдауында да кадрлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау ісіне баса назар аударды. Бұл өз кезегінде сыртқы дағдардысты қатерлерге қарсы тұрақтылық пен экономиканың нақты қозғаушы күші болатындығын атап өтті, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Осыған қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрлердің біліктілігін көтеру мен кәсібилігіне тұрақты назар аударып келеді. Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарында ұқсас мамандықтарға даярлау қайта даярлау арнайы сұраныстар бойынша жүргізіледі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ оқу орталығында теміржолшылар жолаушылар тасымалдау, локомотив, вагон шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, тасымалдау үдерісі, электрлендіру мен энергетика, белгі беру және байланыс, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өнеркәсіп қауіпсіздігі және басқа да мамандық түрлеріне баулиды.
Өндірістегі кадрлерді ұқсас мамандықтарға қайта даярлау үш айдан алты айға дейін жүргізіледі. Олардың ішінде электровоз, тепловоз машинистері, дрезина жүргізуші, электромеханиктер, станция кезекшілері, жол шебері, жол бригадиріне маңыз берілген.