Ақорданың ішін көргіңіз келе ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақорданың ішін көргіңіз келе ме?

02.12.2015
Ақорданың ішін көргіңіз келе ме?

Ағайынды сәулетші Байғұтты мен Арапбай Тортаевтардың Ақорда ғимаратының жобасын сызған сәулетшілер екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Архитекторлар «Ақорда», «Министрліктер үйі», «Жоғарғы сот» ғимараттарының жобасын сызған. Ал, Байғұтты Тортаевтың қызы Индира Тортай 15 қаладағы «Назарбаев зияткерлік  мектептері» ғимараттарының авторы.

Бүтін бір сәулетшілер әулеті Астананың архитектуралық келбетіне қолтаңбасын қалдырған. Қызығы сол, өз қаламынан туған Ақордаға архитекторлар әлі бас сұғып көрмепті.

Ақордаға саяхат жасағыңыз келсе, бүгін 17:55-те Ұлттық арнаны қосыңыз.

Хабарламаларға жазылу