Бұл туралы ВВС National Geographic журналына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Эль-Ниньо - Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі маусымдық ағымдар және олар биылғы жылы ауа райына айтарлықтай мықты ықпал етті.
National Geographic журналының хабарлауынша, судың шектен тыс қатты жылынуына байланысты биылғы жылғы қазан айы метеорологиялық бақылау саласындағы ең жылы маусым болды. Орташа айлық температура 0,98 градус цельсийге жетті. Бұл ХХ ғасырдағы ең жоғарғы температура. Ал, Атлантикадағы дауылдардың саны 4-ке, теңіздегі дауыл 11-ге аз болды. Бұл кезде Тынық мұхитының шығыс және орталық бөліктерінде 15 дауыл мен 24 тропикалық дауыл болған.
Американдық метеоролог Джефф Мастерстың айтуынша, Эль-Ниньо биылғы жылғы метеобақылау саласындағы ең жылы мезгілдердің біріне айналуы мүмкін.
Мұндай жағдайдың салдары 2016 жылы білінетін болады. Ол кезде орта айлық температура әдеттегі нормадан біршама жоғары болады, өз кезегінде ол ауа ағымдарының өзгеруіне алып келуі ықтимал.