Астанада үш мыңға жуық коммуналдық техника газбен жүретін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үш мыңға жуық коммуналдық техника газбен жүретін болады

03.12.2015
Астанада үш мыңға жуық коммуналдық техника газбен жүретін болады

Елордада атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттарды азайту мақсатында автокөліктер экологиялық жағынан неғұрлым таза газбен жүретін болады. Қазіргі кезде Астанада коммуналдық меншіктегі 3 мыңға жуық көлік құралын газға ауыстыру жоспары әзірленуде.

Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорындардың 300-ден астам көлігі газға ауыстырылды. Қазіргі кезде қалада 42 газ құю станциясы жұмыс істейді, тағы да 15 станция салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың тоғыз айында ЖЭО елорда атмосферасына шығарылған зиянды заттар көлемі 27,3 мың тоннаны құрады. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,6 пайызға төмен, деп мәлім етті елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан. Мұндай көрсеткішке эмульгаторларды орнату және азот пен күкіртті басу жөніндегі экологиялық шараларды өткізу нәтижесінде қол жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу