Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді

03.12.2015
Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді

Кеше Виндхук қаласында (Намибия) өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс — импровизация өнері» атты аталымы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді.

Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыскерлер Б. Имашев пен А. Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында айтыс өнерінің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.

Еске сала кетсек, комиссияның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» атты аталымдары енген болатын.

Хабарламаларға жазылу