Шетелдік бизнесмендер оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік бизнесмендер оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

03.12.2015
Шетелдік бизнесмендер оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

Сапар шеңберінде 15 адамнан тұратын шетелдік делегация «Оңтүстік» индустриялық аймағында және  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап, «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ жұмысымен танысты. Сонымен қатар, инвесторларға Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетті инвестициялық жобалары көрсетілді.

Бұдан бөлек, Түркия және Италиядан келген делегация облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және оңтүстік өңірдің экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу