Нигерияның Мұнай министрі: Нарық ОПЕК-тің салмақты шешімін күтіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияның Мұнай министрі: Нарық ОПЕК-тің салмақты шешімін күтіп отыр

04.12.2015
Нигерияның Мұнай министрі: Нарық ОПЕК-тің салмақты шешімін күтіп отыр

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Нигерияның Мұнай министрі Эммануель Ибе Качикву мәлім етті.   

«Мемлекеттерден өте көп ұсыныстар түсіп жатыр. Мәселе бүгін шешіледі»,-деді министр.

Оның сөзінше, мұнайдың әлемдік нарығы қазір өте күрделі жағдайда тұр, осыған қарай ОПЕК-тің шешімі де салмақты болуы керек.

Сарапшылар болса, ОПЕК-тың жиынынан квотаға байланысты қандай да бір шешім күтіп отырған жоқ.

Осыған дейін Мұнай және энергетика министрлерінің қатысуымен ОПЕК-тің 168-мәжілісі өтетіндігі хабарланған болатын. 

ТАСС агенттігі сауал жолдаған сарапшылардың пікірлері бойынша, ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мұнай өндіру қорын азайту жөнінде шешім қабылдамайды, алайда өздерінң қатарына Индонезияны қабылдап алады.   

Бұған қоса, олар осы мәжілістің қорытындысы бойынша, бағаның бірден көтеріліп кету мүмкіндігін де жоққа шығарды.  

ОПЕК-тің осыған дейінгі маусым айында өткен мәжілісінде картель мүшелері мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, оны өндіру көлемін тәулігіне 30 млн баррель көлемінде, яғни бұрынғы деңгейде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.   

Осы ретте Сауда Арабиясы ұйымға мүше өзге мемлекеттер тарапынан мұнай бағасын тұрақтандыру бағытындағы бастаманы қолдау жөнінде біршама қысым көреді деген болжам бар.

Мысалы, Иранның өзі мұнайдың күнделікті өндірілетін қосарланған өнімінің көлемін 1,3 млн баррельге қысқартылуын, ал өндіру көлемін 2011 жылғы 30 млн баррель көлемінде қалдыруды ұсынып отыр.

Бұл ретте Иран санкциялар алынып тасталған соң, мұнай экспортының көлемін алдағы 5-6 айда 1 млн баррельге көбейтетінін де айтты.  

Венесуэла президенті Киколас Мадуро да осындай бастама көтеріп, өз елінде мұнай бағасын тұрақтандыру мақсатында оны өндіру көлемін 5 пайызға азайтуға бейіл екендігін жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу