Әскери-патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастардың бойында жоғары патриоттық түйсікті, Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған жүйелі іс-әрекеті.
Мұндай тәрбиенің негізгі мақсаты – Отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бұл бағытта жас ұрпақтың «патриот» сөзінің мағынасын нақты ұғынуы үшін ардагерлермен жиі-жиі кездесу өткізу, әртүрлі патриоттық тұрғыдағы жарыстар өткізу, қоғаммен тікелей байланыс сынды шаралар ұйымдастырылуы тиіс.
Біздің елде бұл мәселе қаншалықты қолға алынған? Жастар әскери-патриоттық тәрбиені біле ме? Мұндай тәрбиенің болашағы қандай болмақ? Бүгін 09:00-де «Ақсауытты» көріңіз.