Адамның саусақ іздері әртүрлі болғанымен, мәліметтер базасына тіркелмесе, тұлғаның кім екенін анықтау қиын. Алайда, ғалымдар саусақ іздерінің химиялық сараптамасы арқылы адамның жынысын анықтайтын жаңа тәсіл ойлап тапты.
Сараптама саусақ іздеріндегі амин қышқылдарының шоғырлану айырмашылықтарын салыстыруға негізделген.
АҚШ ғалымдары арнайы зерттеу жүргізіп, сараптама әдісі адамның жынысын 99 пайызға дұрыс анықтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Алдымен олар саусақ іздерін хлор-сутек қышқылымен қыздырып, өңдеу арқылы амин қышқылдарын шығарған. Кейін амин қышқылдарының шоғырлануынан сараптама жүргізген.
Айта кетейік, шоғырлану деңгейі әйелдерде ерлерге қарағанда екі есе жоғары болады.