Тасбақа жұмыртқасы браконьерлерге не үшін қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасбақа жұмыртқасы браконьерлерге не үшін қажет?

06.12.2015
Тасбақа жұмыртқасы браконьерлерге не үшін қажет?

Зәйтүн тасбақасы тропиктік климат белдеуіндегі мұхит суында  өмір сүреді. Оларды Сауд Арабиясы, Венесуэла, Мексика, Пуэрто-Рико және Жаңа Зеландиядан кездестіруге болады.

Зәйтүн тасбақалары  ресми түрде жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне енбеген. Бірақ көпшілік осы тізімге қосады.

Мамандар мұндай тасбақалар  экономикасы дамымай қалған елдерде жоғалып кету қаупі жоғары екенін айтады. Себебі қымбат мейрамханаларда тасбақа жұмыртқасынан таңдаулы ас әзірленеді екен.

Зәйтүн тасбақаларының жұмыртқа салу кезеңі – жағалауда өмір сүретін мексикалық браконьерлердің «алтын уақыты». Маусым айынан қыркүйекке дейін тасбақа аналығы 100 жұмыртқаға дейін салады.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

ФОТО: www.kajuta.net

Хабарламаларға жазылу