Су екі рет қайнатылса, дәмі кетеді. Сондай-ақ, денсаулыққа да зияны тиеді. Не үшін?
Мамандардың айтуынша, егер су екі рет қайнатылса, дәмі өзгереді. Сондықтан адамдар шәй немесе кофе ішкенде рахаттана алмайды.
Көпшілік жәй су мен қайнатылған судың айырмашылығы жоқ екенін де айтады. Ал, мұны ғалымдар теріске шығарады.
Бұған қарапайым тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады. Төрт стақанға кран суын, тазартылған су, қайнатылған және екі рет қайнатылған су құйып, дәмін тату қажет. Мамандар соңғы судың дәмі металл татитынын бірден байқауға болатынын айтады.
Сонымен қатар, екі рет қайнатылған суда оттегі жойылып кетеді екен. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда да, оның минералды құрамы өзгереді. «Өлі» су аталатыны да сондықтан.
Интернет материалдарынан алынды
ФОТО: www.huffingtonpost.com