Бала бір жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлемдер қалай жүзеге асады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала бір жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлемдер қалай жүзеге асады? (ВИДЕО)

08.12.2015
Бала бір жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлемдер қалай жүзеге асады? (ВИДЕО)

Біріншісі, жүктілігі және босануға байланысты төлем. Екінші, бала тууына байланысты біржолғы тағайындалатын және үшінші бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы.

Жүктілігі және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қалай жүзеге асады?

Мәселен, айлық табысы 50 мың теңгені құрайтын әйелдердің жыл бойғы табысы 600 мың теңге болады. Осы соманы 12 айға бөліп, 4,2 коэффициентке көбейтіп, шыққан сомадан 10 пайыз әлеуметтік төлем мөлшерін шегересіз. Яғни, мұндай табыстағы әйелдерге 189 мың теңге декреттік төлем берілуі тиіс.

Ескеретін жайт, жұмыс өтіліңіз бір жылға жетпесе де, жалпы сома 12 айға бөлініп есептеледі.

Декреттік төлемді алу үшін қандай құжаттар қажет? Өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде бұл төлемге ие бола ала ма? Егер декреттік демалыс кезінде екінші балаға жүкті болсаңыз, мемлекеттік жәрдемақы қалай төленеді?

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу