Елена Шмарина Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Шмарина Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

08.12.2015
Елена Шмарина Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңесшісі болып Шмарина Елена Вячеславовна тағайындалды. 

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қалалық экономика бөлімінің маманы ретінде бастаған. 1998-2007 жылдары - қалалық экономика бөлімінің аға маманы, облыс әкімі орынбасарының аға референті, жетекші маманы, бас маманы, бас инспекторы болған.

2007-2008 жылдары - облыс әкімі аппаратының экономикалық талдау және аймақтық даму бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

2008-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінде бас инспектор, әлеуметтік-экономикалық және талдау секторларының меңгерушісі, облысы әкімі орынбасарының көмекшісі қызметтерінде болған.

Хабарламаларға жазылу