Адам бойында әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктер жиі байқалады. Әсіресе, жасөспірім шақтағы өтпелі кезең. Бұл уақытта баланың бойында физиологиялық өзгерістермен қоса, күрделі психологиялық кезең туады.
Мәселен, осыған дейін сезілмеген қылықтар қылаң береді. Жиі ашуланып, сабырсыздық танытады. Ата-ана, ұстаздары, достарымен қарсыласып, тәуелсіз болуға ұмтылады. Яғни, бұл кезеңде бала өзін жеке тұлға ретінде сезініп, қоғамдағы орнын айқындауға кіріседі.
Ата-ана мұндай жағдайда мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастырғаны абзал. Психологтың көмегіне жүгініп, баласымен сырласы ретінде бетпе-бет тілдесуі керек. Сондай-ақ, отабасынан бөлек, өзге ортадағы іс-әрекеттерінен де хабардар болғаны абзал.
«Ата-ана баласының жас деңгейін ескере сөйлессе, қиындықтарға тап болмайды», дейді психолог Шолпан Асилова.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.