Жақында ғана елордаға қоныс аударған белгілі каскадер, профессор Жалынбек Ақанның әр сабағы дене қыздырудан басталады. Содан кейін барып күрделі іс-әрекеттерге кіріседі. Кесе ішіндегі суды төгіп алмай билеу - емтихандағы негізгі жаттығулардың бірі.
«Сахнада көптеген қимылдар бар. Ең бастысы, сақтық шараларын білу керек. Сақтық шараларын қолдана отырып, қимыл-әрекет жасау - шеберліктің шыңы саналады», дейді ол.
Мысалы, тарихи қойылымдардағы найза, қылыш, қанжар сынды қарулар сахнада да шынайы болады. Оларды көтере жүріп әрдайым қозғалыста болу кәсіби шеберлікті талап етеді.
Сондай-ақ, актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Сахна шеберлерінің тілі таза болуы үшін бірнеше физикалық жаттығулар бар.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.