Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертен Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, бұрқасын болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында да тұман түсіп, Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін және бұрқасын болады.