Германия билігі мигранттар үшін арнайы куәлік енгізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия билігі мигранттар үшін арнайы куәлік енгізбек

10.12.2015
Германия билігі  мигранттар үшін арнайы куәлік енгізбек

Германия билігі елге бас сауғалаған мигранттар үшін арнайы куәлік енгізбек. Бұл босқындар ағынын бақылау үшін жасалып отыр. Оның үстіне арнайы құжат мигранттарға әлеуметтік төлемдер алып, жұмысқа тұруын жеңілдетуді көздейді.

Жоспар бойынша олар 2016 жылдың ақпанынан бастап берілуі тиіс. Германия алдағы уақытта бірыңғай тіркеу жүйесін де пайдаға жаратып көрмек. Онда елге келген әрбір босқын саусақ іздерін қалдырып, қай елден келгенін, қандай дінді ұстанатынын және денсаулық жағдайы жайлы мәліметтер беруге міндеттеледі.

Хабарламаларға жазылу