Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаевамен, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруда өзекті мəселелерді талқылады. FISU басшылығы Алматыдағы Универсиада болашақта өзге Универсиада ойындарына үлгі болатынына сенім білдірді.
«Біз бұл спорттық оқиғаны Алматы 2011 жылы қабылдаушы қала болып шешілгеннен бастап күтіп жүрміз. Алматыдағы Универсиада болашақтағы универсиадаларға үлгі болады деп сенеміз», - деді FISU-дің бас хатшысы Эрик Сэйнтронд.
Қазір Халықаралық студенттер спорт федерациясының өкілдері спорттық нысандарда инспекторлық қызмет атқаруда.
Айта кетейік, 2011 жылдың 29 қарашасында FISU Алматы қаласын 2017 жылғы қысқы Универсиаданың астанасы етіп шешім шығарған еді. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып, Қысқы Универсиада өткізбек.