70 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев Сингапур турнирінде 42 шақырымды төрт сағатта бағындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев Сингапур турнирінде 42 шақырымды төрт сағатта бағындырды

11.12.2015
70 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев  Сингапур турнирінде 42 шақырымды төрт сағатта бағындырды

Салтанат Түйтебаев жүгіруден Сингапурде өткен Халықаралық турнирде І орынды жеңіп алды. Қария 42 шақырым 195 метр қашықтықты  4 сағат 21 минутта бағындырған.

70 жастағы ақсақал «Күнде таңертең жүгіру хоббиіме айналып кетті», дейді. Күніне 10-15 шақырым жүгіргенімен, соңғы рет ірі марафонға 1990 жылы қатысыпты.

«Қалыптасқан ереже бойынша жарысқа шығар алдында екі сағат бұрын екі жұмыртқа жеп, екі стақан бал қосылған су, бір кесе айран ішемін», дейді марафоншы. Саламатты өмір салтының арқасында ешқашан дәрі ішіп көрмегенін, ауруханаға тек анықтама алу үшін баратынын айтады.

Ендігі арманы - қаңтарда өтетін Дубай марафонын бағындыру. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу