Олар ракеткалар орнына темекі қораптарының қақпағын, доп орнына бөтелкенің кесілген қақпағын пайдаланып, сетка орнына кітап қойып ойнаған.
Пинг-понгтың дамуына ағылшындық Джеймс Гибб зор үлес қосты. Ол 1900 жылы АҚШ-тан іші қуыс целлулоидтен шасалған доптар әкеледі. Ал, «пинг-понг» (доптың үстелге соғылған кездегі дыбысына ұқсайды) атауы қайдан пайда болғаны әлі нақты белгісіз.
Бұл атауды Гиббтың өзі ойлап тапты деп есептеледі. Алайда бұл атауды қолданысқа 1901 жылы «Джон Жак пен оның ұлдары» компаниясы енгізді деген де дерек бар. Бұл фирма «пинг-понг» атауын ресми тіркеп, оны АҚШ-та пайдалану құқығын «Паркер бразерс» фирмасына берді. Осыдан кейін бұл компания бірден үстел теннисіне арналған спорттық бұйымдар жасауды қолға алды.
Уақыт өте келе «пинг-понг» ойыны әлемге таныла бастады. Ал, 1901 жылдың 12-ші желтоқсанында Ұлыбританияда үстел теннисінің қауымдастығы құрылды.