«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқаны сатып аларда ескеруге тиісті кеңестер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқаны сатып аларда ескеруге тиісті кеңестер (ВИДЕО)

12.12.2015
«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқаны сатып аларда ескеруге тиісті кеңестер (ВИДЕО)

Жұмыртқа - пайдалы ас. Оны таңдағанда алдымен сыртқы қабығына назар аударыңыз. Егер қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса, жұмыртқаның сапасыз болғаны.

Жұмыртқа қабығы сондай-ақ, таптырмас «калий көзі». Негізінен кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады.

Мерзімі өтіп кеткенін тұзды суға салу арқылы біле аламыз. Асқа жарамдысы суға батып кетеді де, жарамсызы су бетіне қалқып шығады.

Жұмыртқаның екі түрі болады: диеталық және асханалық. Тұтынушыға 7 күн ішінде жеткізілген жұмыртқа диеталық деп аталады. Оның сұрыпталу күні көрсетіліп тұрады және қабығында «Д» белгісі болады.

Жұмыртқа түсінің тағамдық құндылығына қатысы жоқ. Ақ тауықтың жұмыртқасы ақ, қызыл күлгін түсті тауықтардың жұмыртқасының түсі қызыл болады.

Жұмыртқаны сатып аларда басты назар аударатын жайт: сұрыпталған күні сатып алған күніңізге жақын болуы керек.

Ересек адамдар күніне қанша жұмыртқа тұтынуы тиіс? Балалар ше?

«Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу