Тұзды бөлменің қандай пайдасы бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұзды бөлменің қандай пайдасы бар?

12.12.2015
Тұзды бөлменің қандай пайдасы бар?

Тұзды бөлме  - табиғи тұзды үңгірдің баламасы. Оның  емдік қасиеті бұрыннан белгілі.

Тұзды бөлмені балабақша, сауықтыру орталықтарына және тұрғын үйлер сынды кез келген ғимаратта жасауға болады.  Себебі жұмысы да, қызмет көрсетуі де өте қарапайым. Үйдегі мұндай бөлме - денсаулық бұрышына айналатыны сөзсіз.

Құрылысына кететін шығын тұзды блоктың қалыңдығына, бөлме дизайны мен  жабдықталуына байланысты.

Тұзды бөлмеде жиі болатын адамдар бронхит, жүрек аурулары, невроз, демікпе және аллергия сияқты аурулардан айығады.  Сондай-ақ, тыныс жолдарын микробтардан қорғайды. 

Тұзды бөлменің тағы қандай шипасы бар?

- ағзадағы зат алмасу жақсарады:

- созылмалы бронхит және бронх демікпесін емдейді;

- ағзаның әртүрлі ауруларға қарсы  тұратын иммунитетін көтереді;

- тез арада стресс, неврозды емдейді. Шаршағанды басады;

- түрлі аллергиядан айықтырады. 

- тері ауруларына ем болады.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

ФОТО: snpcrimea.ru

Хабарламаларға жазылу