«Әбіш – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әбіш – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»

14.12.2015
«Әбіш – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»

«Кейбір замандастарымыз өзгені тыңдаудан гөрі, өзінің ішіне сыймай жүрген ойларын жариялауға асығып жар салып жатса, ол ерекше байсалды мінезбен бұрын біз естіп-білмеген кейбір кітаптар мен авторларды алдымызға көлденең тарта бастаушы еді». Бұл – жазушы Герольд Бельгердің Әбіш Кекілбаевтың шығармалары туралы пікірі.

Студент кезден-ақ жазушы Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, «Лениншіл жас» газетіне жариялаған Әбіш Кекілбаевтың қадамы журналистикадан басталды. Кейінгі «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Шыңырау», «Күй», «Ханша-Дария хикаясы», «Бәсеке», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй», «Құс қанаты» повестері мен басқа да әдеби шығармаларына сол уақыттың өзінде-ақ сыншылар жоғары баға берген еді.

Алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары «Алтын шуақ», «Бір шөкім бұлт» деген атпен жарық көрген.

«Кезінде Мұқағали Жұмекен Нәжімеденов туралы айтып еді: «Соңғы қазақ қалғанша оқылатын бір ақын бар қазақта. Ол - Жұмекен Нәжімеденов», деп. Сол алып Мұқағалидің сөзін мен бүгінде абыз ағамыз Әбіш Кекілбаевқа қаратып айтып келемін. Әбіш ағамыз – соңғы қазақ қалғанша оқылатын арманы жоқ қаламгер»,-дейді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу