Осы кезде Өскеменде қуаты жылына 120 мың автомобиль шығаруға қауқарлы зауыттың құрылысы басталды. Жоба ел бюджетіне қосымша 15 млрд теңге қосымша салық түсімдерін әкелуге ықпал етеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Аталмыш ақпарат құралының Шығыс Қазақстан облыстық Ақпарат Орталығының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бұл мәліметтерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім еткен.
Облыс басшысының сөзінше, Шығыс Қазақстан облысындағы автомобиль кластерін қалыптастыруға «Pricewater houseCoopers (PwC) ірі халықаралық консалтинг компаниясы тартылған. Аталмыш компанияның мамандары өндірісті халықаралық деңгейде ұйымдастыруға қатысты шеберлік-жоспарын ұсынды. Шебер-жоспар шағын және орта бизнес үшін өзіндік бағыт-бағдар беруші болады және соның арқасында шағын және орта бизнес осы ортаға бейімделеді.
Өскеменде осы уақыттың өзінде Ресеймен бірлескен «Азия Авто» АҚ жаңа зауыты мен автокомпоненттер шығаратын технопарк құрылысы басталады. Аталмыш кәсіпорындар 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде.