Ананас жемісі туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ананас жемісі туралы қызықты деректер

19.12.2015
Ананас жемісі туралы қызықты деректер

Еуропа еліне ананас жемісін Христофор Колумб әкелген. Х.Колумбке ананас жемісінің сыртқы бейнесі мен дәмі ұнаған. Бүгінде ананас жемісі көптеген мемлекеттердің салт-дәстүріне кіріккен. Германияда жаңа жыл мерекесінде аққайнармен бірге ананастың қоса берілуі дәстүр болып саналады.

Ананас жемісі 90 пайыз судан, 10 пайыз ақуыздан және аскорбин, лимон қышқылынан, тағамдық талшықтардан  тұрады. Жемістің жарты бөлігінде адам ағзасына жарты тәулікке қажет С дәрумені бар. Диетологтар тамақтың алдында ананастың кішкене бөлігін жеуге кеңес береді.

Сондай-ақ, ананас жемісі марганец, бал, йод, цинк, кальций, фосфор сияқты минералдармен бай. Ананас шырыны целлюлитке қарсы күресу үшін қолданылады.

Сонымен қатар, Қытай елінде Жаңа жыл мейрамында дастархан үстіне ананас жемісі міндетті түрде қойылады. Себебі, ананас жемісінің дастарханда тұруы келер жыл сәтті болады деген сенімді білдіреді.

Хабарламаларға жазылу