Қысқатолқынды пештер - асыққан кезде жылдам ас жылытуға таптырмас құрал. Десе де, оның бұдан да басқа пайдалы тұстары көп.
Мысалы, жоғары қуатына қойып, сарымсақты қыздырып алсаңыз, қабығы оңай әрі тез ашылатын болады.
Сондай-ақ, оның көмегімен қатып қалған нанды жаңа піскендей етіп жұмсартып алуға болады. Ол үшін нанды жылтыр қалтаға салып, пешті жоғары қуатына қосып, 10 секундқа қалдырсаңыз жеткілікті.
Ыстық компресс жасаңыз. Орамалды бірнеше минут қысқатолқынды пешке қойып қыздырып алсаңыз, ыстық компресс дайын.
Микротолқынды пеште сондай-ақ, ыдысты тексеріп көруге болады. Екі-үш ыдысқа су құйып пештің ішіне қойыңыз. Қыздырған соң су ыстық болып, кесе салқын күйінде тұрса, ыдысты қолдана беруге болады. Ал, кесе қызып, су ысымай қалса, бұл ыдыстың қажеті шамалы.
Қысқатолқынды пештің ішін қалай тазалаған жөн? Ондағы сіңіп қалған астың иісін қалай кетіруге болады? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.