Қытайдың Шэньчжень қаласында болған көшкіннің салдарынан жоғалып кеткендер саны 91 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Қытайдың Орталық телевизиясы хабарлады.
Оқиға 20 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 40 минутта Liuxi паркінде болды. Лай көшкіні 30-дан астам үйдің құлап, бірқатарына үлкен зиян келтірді. Куәгерлердің сөздерінше, көшкін жүрген соң газ станциясында жарылыс болып, оның соңы ғимараттың құлуына алып келді.
Жедел қызмет өкілдері көшкін жүрген аймақты тазарту жұмыстары жүргізуде. Құлаған ғимартаттың астында қалғандарды табу үшін құтқарушылар иісшіл иттер мен арнайы роботтарды пайдалануда. Жайсыз оқиға орын алған аймақта арнайы госпиталь ашылды.
Төтенше жағдай орын алған аймақта құтқарушылар мен психологтар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Осыған дейін құтқарушылардың апаттан аман қалған азаматтар болуы мүмкін деген бірнеше аймақты тексеріп шығатындығы айтылған болатын.
Жергілікті ақпарат құралдары апат алған аймаққа 78 экскаватор мен құтқарушылардың қосымша отрядтары келгендігін хабарлады. Құтқару-іздестіру операциясына барлығы 2,9 мың адам жұмылдырылған.
Шеньчжэнь қаласының вице мэрі Лю Циншэннің сөзінше, көшкін 380 мың шаршы километр аймақты басып қалған. Лайдың қалыңдығы 10 метр. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы маман-геологтар көшкіннің қайталануы мүмкіндігіне күман тудырып отыр.