Алдағы жылы елордада 8 км артық жолды жөндеу жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жылы елордада 8 км артық жолды жөндеу жоспарланған

21.12.2015
Алдағы жылы елордада 8 км артық жолды жөндеу жоспарланған

Мердігерлік ұйымдар Тәуелсіздік даңғылында Б. Момышұлы даңғылынан бастап А. Байтұрсынов көшесіне дейін 1,5 км, Орынбор көшесінде Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін 2 км жолға асфальт төсемек.

Сонымен қатар, Бөкейхан көшесінде 500 м асфальт төселмек, Бөгенбай батыр даңғылында Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейін 780 м, Бараев көшесінде, «Рамстор»  сауда үйі жанындағы көпірден Қабанбай батыр даңғылында дейін 1 км жол жөнделеді. Ташенов көшесінде Тәуелсіздік даңғылынан Таха Хусейн көшесіне дейін 700 м және Петров көшесінде Сәтпаев көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін 1 мың 680 м жол салу көзделген.

Астана қаласы Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, келер жылы Байтұрсынов және Нәжімеденов көшелерін жаңа теміржол вокзалына дейін салу жұмыстары жалғасады. Жаңа теміржол вокзалына барар жолмен қамтамасыз ету үшін Қордай көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскеде жаңа А82 және № А62 көшелерді салу жоспарланған.

Еске салайық, 2015 жылғы жағдай бойынша қаланың көлік жүйесі жалпы ұзындығы 964,1 км құрайтын 953 көшеден тұрады, соның ішінде 705,2 км (73,1 %) жолына асфальт-бетон жабынғысы төселген, 258,9 км (26,9%) жол қатты жабынғысыз, 8 көлік жолайырығы, 17 көлік көпірі, 4 жаяу жүргіншілерге арналған көпір, 9 жол өткелі бар.

Хабарламаларға жазылу