«Біз дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық, енді ары қарай жылжу керек. Әлбетте, елдеріміздің ішкі жалпы өнімі азайды, тауар айналымы да бәсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бәрін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында талқылаймыз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер де талқыланатынына назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
В.Путин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.
«Біз кедендік және техникалық реттеу стандарттарын жақындастыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Осының бәрі оң нәтижесін береді. Егер осы уағдаластықтарымыз болмағанда, экономикаға тиетін соққы одан да күштірек болған болар еді, мен бұған сенімдімін», – деді Ресей Президенті.