Биылғы Мәуліт мерекесі «Адамзаттың абзалы» деген атпен өтті.
«Мәуліт мерекесі - еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда. Жастар Пайғамбарымыздың өмірінен ғибрат, үлгі-өнеге алса деген ниетпен өткізіп отырмыз.
Түскен қаражат жоқ-жітік пен мұқтаж жандарға таратылады», - деді Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы.
Елордадағы Орталық «Қазақстан» концерт залында өткен кешке еліміздегі мешіттердің бас имамдары, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында жыл бойы өткізілген байқауларға қорытынды жасалды.
Сондай-ақ, ақындар арнау айтып, заман көрінісін сипаттайтын қойылымдар ұсынылды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.