Жеңіл атлет Ольга Сафронова Павлодар облысының жыл спортшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл атлет Ольга Сафронова Павлодар облысының жыл спортшысы атанды

24.12.2015
Жеңіл атлет Ольга Сафронова Павлодар облысының жыл спортшысы атанды

Павлодарда 2015 жылғы спорт саласындағы үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Шараға қала әкімі Болат Бақауов қатысып, спортшыларға толағай табыс тіледі.

 «Павлодар өңірінде спортпен шұғылданып жатқандардың саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 29 пайызы спортқа ден қойған. Осының арқасында спорт кешендерінің де саны 1063-ке дейін көбейді. Биылғы жылдың өзінде бес шағын футбол, шаңғы және роллерге арналған алаңдар пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, сегіз маңызды жарысты ұйымдастырып үлгерген «Құлагер» ипподромы ашылған болатын. Айта кетерлігі, өңірімізде мүгедек жандар арасында да спортпен шұғылданатындар саны артуда», - деді Б. Бақауов.

2016 жылы Рио де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған жеңіл атлет Ольга Сафронова жыл спортшысы атанды.

Марапатталғандардың тізімінде «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі Фархат Әміренов пен «Звезда Прииртышья» газетінің фототілшісі Владимир Бугаев бар.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу