Жыл бойы саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан «Дауа» хабары көрерменге түрлі дерттің себебін, емдеу жолдарын, мамандар кеңесін ұсынды. Басты байлық – денсаулықтың қадірін ұғынуға шақырды.
Медицина саласындағы түрлі дәрігер мамандарды студияға шақырып, аурудың алдын алу жолдарын, ем-дом әдістерін хабар барысында тәжірибе түрінде көрсетуге тырысты.
Көрерменге деннің саулығы жөнінде барынша мол ақпарат беруге барын салған «Дауа» хабарының бүгін жаңажылдық шығарылымы. Ұлттық арнадан сағат 10:05-те көре аласыздар.