Сушидің сіз білмейтін қырлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сушидің сіз білмейтін қырлары

26.12.2015
Сушидің сіз білмейтін қырлары

Сіз суши тағамы туралы қандай қызықты факттерді білесіз? оны тапсырыс берумен қатар, жеу әдебін де білген дұрыс. Сонымен:

  • Шамамен 30 жыл бұрын Америкада суши аса танымал болды. Жергілікті аспаздар екі бөлікті бірден дайындайтын еді. Ал, тез бұзылатын балық етін тұздап немесе соя соусы мен сірке суында маринадтайтын.
  • Ал, Сіз суши дайындайтын аспаздардың дені неге ер-азаматтар болатынын білесіз бе? Бірқатар мейрамхана басшылығы суши дайындауға қыз-келіншектерді алуға түбегейлі қарсы.  Себебі, олар әйелдер денесіндегі  жоғары температура «мінезді» тағамның дәмі мен сапасына әсер етеді деп біледі.
  • Азия елдерінде өз бетінше суши дайындап шығаратын автоматтар бар. Оны XX ғасырдың 70-ші жылдары Минору Икисима ойлап тапқан.
  • Кейінгі жылдары кейбір мейрамханаларда жәндік араласқан сушилер пайда болды. Алайда, кез келген  адамның  мұндай сушидің дәмін татып көруге батылы жете бермейді.
  • Ауланған көк тунецтердің 80 пайызы суши-мейрамханаларға түседі.
  • Бұрын суши-мейрамханалардың аспаздары тағылымдамадан 10 жыл өтетін.  Қазіргі таңда аспаздар аса қажет болғандықтан, оларға 2 жыл тәжірибеден өткен соң, аспаз болуға рұқсат берілген. Алайда, Жапонияда аспаздар алғашқы екі жылда күріш дайындауды үйренсе, тағы 3 жыл бойына балық пісіруді үйренеді.
  • Ертеректе Жапонияда көк тунецтің еті сапасыз деп саналып, бірден қоқысқа тасталатын.
  • 2009 жылы Токиодағы балық аукционында ең қымбат көк тунец сатылды. Оның құны 100 мың доллар болды. Ал, 2012 жылы қызыл тунец 122 мың еуроға сатылды. Оның салмағы 232 келі болды.

Хабарламаларға жазылу